• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Теміртаулық мұражайда ерекше жаңа жылдық костюмдер байқауы жарияланды

 Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында ең ерекше жаңа жылдық костюм таңдалады. Байқау «Креативті бал-маскарад» барысында өтеді.
Байқауға қатысушылар айрықша тарихы бар, ерекше материалдардан жасалған костюмдер, не болмаса образдарын креативті түрде ұсынады деп жоспарланып отыр.
- Мүмкін біреудің үйінде әжесінің, анасының немесе басқа да туыстарының бұрыннан қалған отбасылық мұрасы бар шығар. Не болмаса тапшылық кезінде қолда бар заттардан жасалған костюмдер бар болуы мүмкін. Ондай костюмдерді бізге байқауға алып келуге болады, - дейді мұражай директорының орынбасары Лейла Әлікеева.
Тағы бір номинация жаңа жылдық образдардың құрамаларына арналады. Мұнда карнавалдық мұрындар, құлақтар, мүйіздер, қанаттар және тағы да басқалары ұсынылады.
Үшінші номинация – карнавалдық костюмде салтанатты жүріп өту.
- Қазір біз байқау туралы тәртіпті Теміртау және Қарағанды қалаларының мектептері, колледждері, спорт мектептері және басқа да білім беру мекемелеріне таратып жатырмыз. Костюмдерді 20-шы желтоқсанға дейін жинайтын боламыз. Сонан соң оларға үлкен экспозициялық зал әзірлейміз, 26-шы желтоқсанда көрме ашылады жәнеде 13-ші қаңтарға дейін жалғасады. Осы уақыт бойы мұражай қонақтары белгілі бір костюмге дауыс беретін болады. Ал дефилеге қатысушыларды қазылар алқасы төрелейді. Дефиле – жақсы костюмдері бар, алайда оны бізге бір айға беруге мүмкіндігі жоқ адамдарға арналған номинация, - деп түсіндірді Лейла Әлікеева.
Маскарадқа қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етіледі. Әп номинация бойынша жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.
Костюмдер 2017-ші жылдың 20-шы желтоқсанына дейін Теміртаулық тарихи-өлкетану мұражайында Металлургтер көшесі, 28/4 мекенжайы бойынша, 9.00 – 17.30 сағат аралығында қабылданады, барлық ақнықтамалар келесі телефон нөмірі бойынша беріледі: 8 (7213) 93-19-05.