• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсу бойынша Әлем Чемпионы атанды

 Алтын, екі күміс және төрт қола медальдарды қазақстандық спортшылар джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында ұтып алды. Жалғыз алтын жүлдені біздің құраманың қоржынына қарағандылық Нұржан Сейдуәлі салды.
Біріншілік Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған 36 елден жиналған 350 спортшы қатысты. Қарағандылық джиу-джитсу мектебінің тәлімгері Нұржан Сейдуәлі әлем Чемпионы атанды, оның санатында – 56 килограммға дейінгі салмақта – тоғыз қатысушы бас сынасты. Біздің жерлесіміз үш жекпе жекте өнер көрсетті. Біріншісінде ол Канадалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп шықты. Жартылай финалда Нұржан Израильден келген спортшымен белдесіп, қылқындыру әдісі арқылы жеңді. Ақтық сайыста ол Бельгиядан келген қарсыласында мерзімнен бұрын жеңіп шықты.
Қазақстан Әлем Чемпионатында жалпы командалық үшінші орынды иеленді.