• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Қарағанды облысы «Оңалту түрмесі» республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін таңдап алынды. Ол бас бостандығынан айырылғандарды қайта әлеуметтендіру бағытында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың жұмысын біріктереді. Жобаны бастау және жүзеге асыру мәселелері Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік органның отырысында талқыланды.
Қазақстанда Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2017-2019 жылдарға пробация қызметінде есепте тұрған және темір тордың арғы жағынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту Кешендік стратегиясы бекітілген.
- Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру өзекті міндеттердің бірі болып табылады, оны шешу тек құқыққорғау органдрына ғана емес, бірінші кезекте жергілікті атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарға, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарына да тәуелді, - деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.
Оның айтуыша, бас бостандығынан айырылғандарды әлеуметтік бейімдеуде дамыған елдердің тәжірибесі қолданады. Бостандыққа шыққан соң бірінші кезекте алғашқы көмек көрсету өте маңызды: баспана, жұмысқа орналастыру, туған-туыстармен байланысты қайта жандандыру мәселелері бойынша.
- Халықаралық тәжірибені ескере келе «Оңалту түрмесі» пилоттық жоба жүзеге асырылады. Ол бостандыққа шығатын тұлғаның еңбек, тұрмыстық және басқа да мәселелерде кешендік көмек көрсету қарастырылады. Ішкі істер министрінің жарлығымен ведомствоаралық жұмыс топ құрылған, - деп мәлімдеді Мейрам Аюбаев.
Еуропалық Одақ қолдау көрсетеді. Жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық сарапшы шақыртылды.
Пилот ретінде Қарағанды облысының екі мекемесі таңдалған: Қарабастағы АК-159/18 және Долинкадағы АК-159/20.
- Қарағанды облысы бекерден «пилот» ретінде таңдалған жоқ. Оған ҚАЖ департаментінің, жергілікті атқару органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың бірлесе атқарған нәтижелі жұмысы түрткі болды. Облыс әкімімен Кешендік стратегияны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын атқару бойынша желілік кесте құрылды, - деп атап өтті ҚАЖК төрағасының орынбасары.
2018-ші жылдың сәуіріне дейін жоба Қарағанды облысында апробациядан өтеді деп жоспарланып отыр. Сонан соң тәжірибе барлық республика бойынша таратылады.
ҚАЖД мәліметтері бойынша 2017-ші жылдың 10 айында түзеу мекемелерінен 614 адам бостандыққа шыққан, олар облысымыздың түрлі қалалары мен аудандарына көшіп кеткен.
- 2017-ші жылдың 1-ші қарашасына дейін темір тордың арғы жағынан шыққан және пробация қызметінде жұмысқа тұру үшінесепте тұрғандар саны 530 адамды құраған, олардың 276-ы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 49 – әлеуметтік жұмыстарға, 51 – қоғамдық жұмыстарға. 52 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілген, - деп мәлімдеді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Максим Галиуллин.
Қазіргі таңда осы санаттағы азаматтарға 2018-ші жылға жұмыс орындары квоталары құрылуда.
Қарағанды облысында тағдыр тәлкегіне түскен азаматтарға арналған үш оңалту орталықтары қызмет етеді – Қарағандыда, Теміртауда және Жезқазғанда. Басқарма ақпаратына сүйенер болсақ, биылғы жылы онда қамаудан шыққан 69 адам пана тапқан.