• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда олимпиадашылар туралы фильм мен кітап ұсынылды

 Қарағандылық олимпиадашылар туралы фильм мен кітап «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде, арнайы түрде Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерйтойына орай жасап шығарылды.
- Бұл атаулы датаның құрметіне біз бүгін фильм мен кітаптың тұсаукесерін өткізіп отырмыз. Айта кетейін дегенім, Қарағанды облысы еліміздің ең спортшыл аймақтарының бірі. Біз барлық спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан етеміз. Алтын медальдар алтыннан емес, еңбек, қажырлық пен табандылықтан жасалады, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Кітап пен деректі фильмнің авторы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова болды. Ол 1972-ші жылдан бастап Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған қарағандылықтардың жетістіктері туралы барлық мәліметтерді жинап, реттеп шығарды.
- Жылнама әлі де жалғасады. Мен тек осы күнге дейінгі барлық ақпаратты біріктірдім. Оның барлығы тарихта қалуы тиіс, біздің балаларымыз оны үлгі етіп өсулері қажет. Өткенсіз келешек болмайды. Менің ойымша, өз елі үшін мақтаныш сезімі, біздің спортшылардың жетістіктері әрбір қарағандлықтың жүрегінде сақталып қалуы тиіс. Біз олардың еңбектерін бағалаймыз, - деп бөлісті Наталья Сухорукова.
Тұсаукесер салтанатына сонымен қатар атақты спортшылар мен олимпиада жүлдегерлері де қатысты. Олар өздерінің спорттағы кұрделі жолдары туралы, жәнеде қазіргі уақытта Қарағанды обысында жаттығуларға қандай жағдайлар жасалғаны туралы айтып берді. Олардың айтуынша, спортшыларды даярлауға Теміртау мен Жезқазған қалаларында ең жақсы жағдай жасалған.
Кітап мектеп, колледж және спорт секцияларына, сондай-ақ спортшыларға, әрқилы спорт түрлері бойынша сайыстардың жеңімпаздарына сыйға тартылатын болады.
Барлығы кітапта Қарағанды облысынан шыққан 66 олимпиадашылар туралы баяндалған. Оның 6-ы КСРО құрамасында медальдарды иеленсе, қалғандары Тәуелсіздік жылдары жетістікке қол жеткізгендер.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қарағандылықтар төртжылдықтың ең басты сайысына 81 лицензия алып, 7 медаль жеңіп алған: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.