• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылықтар «Алтын сапа» президенттік сыйлықтың жеңімпазы атады

Екі қарағандылық кәсіпорын «Алтын сапа» президенттік сыйлықтың лауреаттары атанды. Марапаттау салтанаты Астана қаласында Индустриаландыру күні аясында Елбасы Нұрсұлтан Назабаевтың қатысуымен өтті.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, биылғы жылы «Алтын сапа» сыйлығына 101 компания үміттенген. «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 114 кәсіпорын – аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
«Үздік қызмет көрсететін кәсіпорын» номинациясында орта бизнес субъектілері арасында қарағандылық «Дефектоскопия» МЕҰ мықты деп табылды. Марапаттау салтанаты ЭКСПО Конгресс-орталығында өтті.
Кәсіпорын мұнай-газ, энергетика, тау-кен рудалы салаларда және металлургияда бұзылмайтын қадағалау жүргізеді. Компанияның қызметіне Қазақстанның барлық дерлік ірі кәсіпорындары жүгінеді: «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «ТНК Казхром» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және т.б.
Қазіргі таңда Малайзия аймағында корейлік фирмамен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Алдағы жоспар – Парсы шығанағының нарығына шығу, сонымен қатар Өзбекстан және Тәжікстандағы газ құбырларының құрылысына қатысу, Ресей Федерациясындағы жобаларды жүзеге асыру.
- Біз өте қуаныштымыз және мақтанышымызда шек жоқ! Барлық ұжымымыздың ерен еңбегінің арқасында осындай жоғары марапатқа ие болып отырмыз. Осындай байқаулар сонымен бірге бизнестің дамуына түрткі болады. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымызды айтып, барлық кәсіпкерлерге сәттілік тілейміз, - деді «Дефектоскопия» МЕҰ ЖШС қосалқы құрылтайшысы Әділ Ұпабеков.
Сонымен қатар «Үздік инновациялық жоба» номинациясында еліміз бойынша қолданыстан шыққан ескі көліктерді жоюмен айналысатын алғашқы зауытты іске қосқан «Recycling Company» ЖШС лауреат атанды. Осыған дейін айтып кеткендей, Елбасының жалпыұлттық телекөпірі барысында бқл зауыттың екінші кезегі іске қосылды. Жоба жетекшісі Президент қолынан марапат алды.
«Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан өнім немесе қызмет сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сапа басқарудың жоғары тиімді тәсілдерін енгізуді ұйымдастыру саласында ауқымды жетістіктерге қол жеткізгені үшін тағайындалады.
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінінің жүлдесін алу үшін байқаудың 2015-ші жылдан бергі ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.