• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда арбаға таңылған мүмкүндігі шектеулі жандар арасында үстел тенниснен турнир өтті

 «Karaganda Open» арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандар арасынданғы турнир облыс орталығында желтоқсанның 6-ы мен 7-і аралығында өтті. Оған Қазақстанның 9 аймағынан келген 30 спортшы және Ресейден келген құрама команда қатысты.
Бұл жарыс үшінші рет өткзіліп отыр. Ұйымдастырушылары «Жандос» мүгедектер қоғамы мен Денешынықтыру, туризм және спорт басқармасы.
- Жыл сайын біздің турнир көптеген қатысушыларды жұмылдырады. Биылғы жылы атақты чемпиондар да, қолдарына ракетканы жуырда ғана алған спортшылар да қатысты, - дейді «Жандос» мүгедектер қоғамының төрағасы Дархан Тілемісов.
Сайысқа мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы үстел теннисі бойынша Қазақстанның 27 дүркін чемпионы, Екібастұз тұрғыны Владимир Каплич те қатысты.
- Мен тенниспен 1991-ші жылдан бері айналысамын. Жәнеде осы үстел теннисі тек үлкен қалаларда ғана емес, аймақтарда да дамып келе жатқанына қуаныштымын. Мен өзім Қазақстанның абсолютті чемпионы Талғат Ерікеевті жаттықтырамын. Ол Қытайда өткен халықаралық жарыстарда үшінші орынды иеленді, ол дегеніміз ұлкен құрмет, - деді Владимир Каплич.
Турнир екі күнге созылды, желтоқсанның 6-ы және 7-і. Жеңімпаздарға медальдар, мақтау қағаздары және ақшалай сыйлық табыс етілді.