• 4513 барлығы
  • 37 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда облыстың білім беру жүйесінің дамуы және қалыптасуы мұражайы ашылды

 Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығындағы жаңа жыл мұражайдың ашылуымен басталды. Мұнда Рашит Хасенов атындағы білім саласының дамуы мен қалыптасуы туралы баяндайтын экспозиция пайда болды.

Мұражайдың салтанатты ашылуына облыстық білім басқарамасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев, профессор, педагогикалық еңбек ардагері Сәбит Қонтаев, Қарағанды облысының Білім басқармасының қызметкерлері, Қоғамдың кеңестің мүшелері, облыстың педагогикалық қоғамы қатысты.
Осындай облыстық білім басқармасының мұражайын құру туралы ұсыныс өткен жылдың наурызында жасалған болатын. Бастаманы ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері, мұражай ісінің мамандары, білім, ақпараттық технологиялар салаларының қызметкерлері қолдады. Жұмыс тобы экспозицияның концепциясы мен тақырыбын анықтады. Мұражайды құруда Қарағанды облысының Мемлекеттік мұрағаты және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тәжірибелік көмек көрсеткен.
- Бұл біздің аймағымыздағы осы секілді жалғыз мұражай, - дейді Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлсім Қожахметова. – Ол Қарағанды облысының білім саласының қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдерін көрсету үшін құрылды. Сонымен қатар педагогтардың күрделі және игілікті жұмысын дәріптеуге және оған құрмет көрсету үшін жасалып отыр.
Мұражайдың үш залында шамамен 250 жәдігер жиналған. Олардың арасында облыстық үздік педагогтары туралы мәлімет беретін энциклопедияны көруге болады. Бұл кітапта аймақтың алғашқы мыңдаған ұстаздарының есімдері мен суреттері келтірілген, сонымен қатар кеншілер аймағының барлық оқу ордалары мен мектепке дейінгі мекемелері туралы ақпараттар жазылған.
Залдардың бірі Хасеновтар әулетіне арналған, бұл әулеттің жалпы педагогикалық жұмыс өтілі 300 жылды құрайды. Мұражайдың өзі тарихшы, ұстаз Рашит Хасеновтың есімімен аталған. Кезінде ол Орал педагогикалық институтын тәмамдап, өзінің өмірін ғылымға бағыштамақ болған. Алайда жас маманды Балқашқа жіберген, бұл қалада оған мектептердің бірін аяғына тұрғызу керек болды. 1951-ші жылдан бастап 10 жыл аралығында Рашит Хасенов мектеп директоры болып қызмет еткен, соңыра білім бөлімін басқарған. Содан соң мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында директор орынбасары және директоры қызметін атқарған.