• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандының әуежайында екі рейс кідіруде

 Қарағандының «Сары-Арқа» Халықаралық әуежайына уақытында екі рейс келмей қалды: Алматыдан (VSV781) және Өскеменнен (VSV797). Сәйкесінше, жөнелтім кешірек уақытқа ауыстырылды.
- Ресми түрде әуежай ашық, жұмыс кестесі бойынша қызмет етуде. Екі рейстің келу уақыты кешіктіріліп жатыр: Алматы мен Өскеменнен, сондықтан ол жақтарға ұшылыратын рейстер де кідіруде. Жолаушылар мейманханаға орналастырылды, - деп мәлімдеді әуежай әкімшілігі.
Екі рейс те «SCAT» авиакомпаниясымен жүзеге асырылады. Қарағанды-Өскемен рейсі әзірге 22.00-ге жоспарланып отыр. Алматыға бет алған жолаушылар шамамен 12-ші қаңтардың түнгі сағат екіде ұшуы мүмкін.
Рейстердің келуі мен аттануына қатысты барлық өзгертулерді әуежайдың сайтынан www.kgf.aero бақылауға болады.