• 4513 барлығы
  • 37 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда 133 арнайы машиналар жолдарды қардан тазалап жатыр

 Қаңтардың 10-нан 11-не қараған түні қатты қар жауудың салдарын жою мақсатында Қарағандыда 151 бірлік арнайы техника жұмылдырылған болатын. Бүгін күндіз 133 бірлік техника қала жолдарын қардан тазартып жатыр.

Оған қоса ерекше күрделі ауа райы жағдайында «Благоустройство» коммуналдық кәсіпорны қосымша арнайы автокөлік бірліктерін жұмылдырмақ – қар тазалаушы, апаттық-қайта қалыпқа келтіру машиналары, жүк тиеу техникасы, тартқыштар және т.б.
Кәсіпорын күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Бүгін Қарағанды облысында қар, бұрқасын, кей жерлерде қатты боран соғады (Көбінесе облыстың солтүстік аймақтарында), оңтүстік-батыстан жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, жел екпіндері 25 м/с дейін ұлғаяды, облыстың солтүстігінде секундына 30 метрден де асады. Кей жерлерде тұман және көктайғақ болады.
Ауа райының бұзылуы салдарынан (бұрқасын, көріністің нашарлауы) барлық бағыттарға бүкіл автокөлік түрлері үшін жол жүру шектетілді. Метеорологтар сонымен қатар қарқынды түрде қар жауады деп болжайды, оның салдарынан жолдардағы қозғалыс анағұрлым нашарлауы мүмкін.
Жүргізушілерге бұл күндері ерекше сақ болып, жолдардағы ережелерді бұлжытпай орындау керектігі ескертіледі. Жол жүру ережелерін сақтау, оның ішінде ара қашықтықты ұстану және жылдамдықты асырмау керек. Сонымен қатар көлік иелерін өз автомобильдерін жол шетіне қоярда, қар тазалаушы техникаларға кедергі етпеуін сұрайды.
Жаяу жүргіншілерге жолдарда және жаяу жүргіншілер жолында қатты жел мен көктайғаққа байланысты барынша сақ болуды өтінеді.