• 4513 барлығы
  • 37 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда Ұлттық гвардияның әскерилері алғаш рет өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті

Қарағандылық Кеншілер мәдениет сарайында 10-шы қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы Күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аталмыш кәсіби мереке биылғы жылы алғаш рет атап өтілді. Ол ҚР Үкіметінің қаулысымен 2017-ші жылдың 31-ші қазанында бекітілді.

Салтанатты шараға құқық қорғау органдарының, облыс пен қаланың жұртшылығы, әскери ардагерлер, Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің жеке құрамы, әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері қатысты.
Кеншілер мәдениет саранйының холлында мұрағаттық фотолар мен бейнелер келтірілген көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ Ұлттық гвардияның және «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдерінің қызметтік-жауынгерлік әрекеттерінің тарихы туралы баяндайтын кітаптар, журналдар және деректі фильмдер ұсынылды.
Салтанатты шара шеңберінде Ұлттық гвардияның қалыптасуы басында және дамуына үлкен үлес қосқан ардагерлер, сонымен қатар жоғарғы буынның дәстүрлерін жалғастырушы үздік әскерилер марапатталды. Ведомстволық наградаларды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа табыс етті. Ол сонымен қатар аймақ басшысы атынан салтанатты шараға қатысушылардың барлығын құттықтады.
- Міне осымен ширек ғасыр бойы ішкі әскер, ал қазіргі таңда ұлттық гвардия тәртіп орнатып келеді. Біз білеміз, ол ұлттық гвардияның – ең үздік соғысқа жарамды жауынгерлердің еңбегі. Мұның барлығы халықтың және бас қолбасшы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімділігінен байқалады, - деді Анатолий Шкарупа. – Жүзден астам біздің жауынгерлеріміз күштің, батылдық пен ержүректіктің мысалдарын көрсете отырып, әскери борышын орындауда ерекшеленді. Сонымен қатар біздің әскерімізді қалыптастырудың қайнар көзінде болған ардагерлерімізге де алғысымызды білдіреміз.
Марапаттау салтанатынан соң мерекелік концерт болды. Онда Қарағандының би ансамбльдері мен вокалдық ұжымдары өнер көрсетті.
«Орталық» аймақтық қолбасшылығы еліміздің Ұлттық гвардиясының ең ірі бірлестігі болып табылады жәнеде соңғы үш жылда ең үздік әскер болып саналып келеді.