• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қоғамдық ұйым «Сарыарқа» хоккей клубын сенімді басқаруға алды

 «Сарыарқа» хоккей клубы жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде келешекте сатып алу құқығымен 5 жылға сенімді басқаруға берілді. Саудада спорттық нысанның құны 6 есе өсті.
«Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС жарғылық капиталында 100 пайыздық қатысу үлесін келешекте сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беру бойынша тендер 2017-ші жылдың 17-ші қарашасында өтті. Келісімшартқа 22-ші қарашада қол қойылды. Нысанның бастапқы құны 161 млн 193 мың болғанымен жеңімпазға 980 млн теңгеге сатылды.
Тендердің қорытындысы және шарттары туралы ақпарат келесі сайтта келтірілген gosreestr.kz.
Хоккей клубының сенімді басқарушысы «Спортивный клуб «SARYARKA» қоғамдық бірлестігі болды. Басты шарт – спорт саласындағы бағытын сақтап қалу. Сонымен қатар сенімді басқарушы спортшылардың және жаттықтырушы-оқытушылар құрамынның біліктілігін арттырып отыруы тиіс. Жаппай, балалар-жасөспірімдер спортын және кәсіби командалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау міндетті болып табылады.