• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында аударылған автобустың ішінен 45 жолаушы құтқарылды

Қарағанды облысының автожолдарында ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен жолаушылар құтқарылуда. Аймақтың ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей ведомство бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен бірігіп 11-ші қаңтардың таңертеңгі уақытынан бастап Абай, Нұра, Жаңаарқа, Бұқар Жырау және Осакаров аудандарының жолдарында апаттық-құтқару жұмыстарын өткізген.
ТДЖ ақпаратына сай қар күрмеуінде қалған жеңіл көліктерден бүгінгі күні 29 адам құтқарылған. Сонымен қатар бұзылып қалған немесе жол апатына ұшыраған жолаушы автобустарынан адамдар эвакуацияланған.
«Бұқар Жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» авто жолының 103-ші шақырымында Шешенқара кентінен 15 шақырым қашықтықта «Егіндібұлақ-Қарағанды» автобусы аударылып қалған. ТЖД бөлімшелерінің, трассалық-медициналық-құтқару бекеттері, жедел жәрдем қызметінің күшімен 45 адам құтқарылып, Шешенқара кентінің орта мектебіне жеткізілген. Үш адам медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
«Алматы-Екатеринбург» авто жолында Жұмабек ауылының маңында жолаушы автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. ҚР Ұлттық гвардиясының әскерилері 37 адамды эвакуациялап, Теміртау қаласына жеткізген.
Осыған дейін мәлімделгендей, 11-ші қаңтарға қараған түні облыстық авто жолдарында ТЖД бөлімшелерінің күшімен 20 адам құтқарылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11-ші қаңтарда 08.20-дан бастап бүкіл бағыттарға барлық көлік түрлері үшін жол жүру шектетілді.
Тұрғындарға әсіресе түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған жағдайда алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Дауылды алдын ала ескерту жағдайы әлі де сақталып отыр. «Казгидромет» АММ филиалының мәліметінше 12-ші қаңтарда Қарағанды облысында желдің күшеюі күтілуде. Кей жерлерде бұрқасын (көбінесе солтүстік аймақтарда), тұман (көбінесе облыстың орталығында) болады. Түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз 9-14, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады. Түнде 10-15 градус аяз болады, облыстың солтүстік-батысында салқындау болады – 18-23 аяз; күндіз 10-15 градус суық болады, облыстың оңтүстігінде – 5-10 градус аяз.
Егер сіздер қиын жағдайға тап болсаңыздар, «112» (Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет) телефон нөміріне хабарласыңыздар.