• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында барлық бағыттардағы жолдар ашылды

Қарағанды облысында 11-ші қаңтарда ауа райының нашарлауы себебінен жабылған автотрассалардағы қозғалыс барлық бағыттар бойынша қайта қалпына келтірілді.
«12-ші қаңтар 9.00-ден бастап Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша жолдар ашылды», - деп хабарлады аймағымыздың ТЖД баспасөз қызметі.
Қарағандыда таңертең бастауыш сыныптарының оқушылары үшін сабақтар болмады.
«12-ші қаңтар. Температура: 15-20 градус аяз. Жел: 10-15 м/с. І-ші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларында сабақ болмайды», - деп мәлімделді қалалық Білім бөлімінің ресми сайтында.
Қарағандының «Сары-Арқа» Халықаралық әуежайында жағдай қалыпты – барлық рейстер кестеге сай жүргізіліп жатыр.