• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Балабақшаларға тізімге тұру бірыңғай электронды кезек қаңтардың соңында іске қосылады

 Бірыңғай электронды кезек облыс орталығында осы айдың соңында жұмыс істей бастайды. Бірыңғай базаның көмегімен ата-аналар өзінің баласы үшін қай мекенжайға тіркелгеніне қарамастан кез келген балабақшаны таңдап, кезекке тұра алады.
Қарағандының Білім бөлімінің сайтында арнайы тарау пайда болады. онда баланы балабақшаға қалай кезекке тұрғызу керектігі, кезекті қалай бақылап отыруға болатыны туралы ақпарат жарияланатын болады. Сонымен қатар мұнда босаған орындар туралы хабарламаларға жазылуға және өз бетіңше баланы балабақшаға тіркеуге болады.
- Тұрғылықты мекенжайға қосарланған белгілі бір балабақшаға тұрған кезек бірыңғай тізімге қосылады. Осылайша, ата-аналарда олардың көңілінен шығатын балабақшаға кезекке тұруға мүмкіндік пайда болады. Бұл мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді. Балабақша директорларына өз мекемелеріне ата-аналардың назарын аудару үшін қандай жақсы жағдай жасауға болатынын ойлау керек болады, - деп түсіндірді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская.
Баланың балабақшаға тіркелуіне жауапкершілік енді ата-аналарға артылатын болады. Себебі тек олар ғана кезектің жылжуын қадағалап, құжаттарды әзірлеп, баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастырулары қажет.
- Осыған дейін баланың балабақшаға баруға кезегі келгенде біз ата-аналарға өзіміз хабарласатынбыз. Өтініште көрсетілген нөмір сөндірулі, біреулер ол мекенжайдан көшіп кеткені немесе ол балабақшаға барудан айнып қалған жайттар жиі кездесетін. Қазір барлығы өзгеше. Жүйеде тіркелген ата-анаға балабақшаларда орын босағаны туралы смс-хабарлама келіп түседі. Үш күн аралығында ата-ана олардың бірін таңдап, баласын сол балабақшаға тіркеп, баланың денсаулық паспорты және қажетті құжаттарын алып келу керек болады, - деді Қарағанды қаласы Білім бөлімінің жалпы және орта білім секторының меңгерушісі Наталья Головина.
Жаңа, электронды кезек форматына ауысқан соң балабақшалардағы босаған орындар туралы мәліметтер тезірек пайда бола бастайды. Мәліметтер базасына бұл ақпаратты мектепке дейінгі мекеменің басшылары салып отырады. Жәнеде ол ақпарат жүйеге тіркелген әрбіз пайдаланушыға қолжетімді болады.
Қазір сайттың сәйкесінше тарауы жартылай түрде контентпен толықтырылған, алайда толық күшімен жұмыс істеп жатқан жоқ. Онда қазірдің өзінде балабақшалардың тізімімен және олардың сипаттамасымен танысуға болады. Ал баланы кезекке қою және порталдың басқа да атқарымдарымен осы айдың соңында ғана пайдалануға болады. Сайттың жаңа тарауы: garden.kargoo.gov.kz