• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Наурызда Жезқазғанда кардиохирургиялық орталық ашылады

Наурызда Жезқазған қаласында кардиохирургиялық орталық ашылады, оныңі мамандары арнайы оқудан өткен. Ол жайлы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқарамасы бастығының орынбасары Асқар Хорошаш Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- Бүгінгі таңда облыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысынан анағұрлым маңызды бөлек бағыттар бойынша 7 мамандандырылған ахуалдық орталықтар қызмет етуде, - деді баяндамашы. – Бұл біздің емделушілерге бірінші кезекте дертті диагностикалауда жоғарытехнологиялық тәсілдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ахуалдық орталықтар облыстық кардиоорталық, облыстық медицина орталығы, онкодиспансер, тубдиспансер, Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия орталығының жанынан ашылды. Барлық жедел жәрдем станцияларын қазір бірыңғай диспетчерлік қызмет біріктіреді.
- Осылайша біз барлық жедел ақпаратты жинап, сараптауға мүмкіндік аламыз. Ол ақпараттар облыстың медициналық ұйымдарынан келіп түседі.