• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Баланы бірінші сыныпқа онлайн режимде тіркеу биылғы жылдан бастап мүмкін болады

Баланы бірінші сыныпқа онлайн режимде тіркеу быилғы жылдан бастап мүмкін болады. ол жайлы Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ауқымды сандық режимге ауысу бойынша бағдарлама аясында Қарағанды облысында балабақшаларға электронды кезекке тұру, электронды күнделік, сондай-ақ электронды сынып журналы секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда.
- Біздің облыста сандық жүйемен білім саласының барлық сатылары қамтылған: балабақшаға кезекке тұрудан бастап, колледждерден мамандарды шығару және оларды жұмыспен қамтуға дейінгі деңгейдің барлығы. Өткен жылы электронды журнал пайдаланушы мектептердің саны 65-тен 320-ға дейін өскен. 2018-ші жылы бұл жүйеде аймағымыздың барлық мектептері жұмыс істейтін болады. Оған сонымен қатар «электронды сессия» жобасы басталатын 11 колледж де енеді. Сонымен бірге педагогтардың электронды аттестациясы, электронды еңбек биржасы іске қосылып, баланы бірінші сыныпұқа эжлектронды түрде тіркеу мүмкіндігі пайда болады, - деп мәлімдеді Есенғазы Иманғалиев.
Бұл жаңашылдық ата-аналарға балаларын мектепке немесе балабақшаға тіркеу кезінде уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүйемен пайдаланатын педагогтарға балалардың барлық бағасын сараптауға көмектеседі. Электронды сессиялар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетуге және болашақ мамандардың білімін тексеруде аға пікірлік етуден сақтайды.
Облысымызда сонымен қатар мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. орташа есептегенде 2017-ші жылы бір мектептік компьютерге 5 баладан келетін. Мектептерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету пайыздық көрсеткіші 82%-дан 97%-ға дейін ұлғайды. Әрбір пәндік педагогтардың жеке жұмыс орындарын компьютермен, проектормен және экранмен қамтамасыз етуге аймақта қаражат бөлінуде. Мектептерді робототехника кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары тоқтатылған жоқ.
- Өткен жылы робототехника зертханалары жалпы облыс бойынша 47-ден 200-ге дейін ұлғайды. Биылғы жылы біз бұл көрсеткішті екі есе көбейтіп, барлық қажетті инфрақұрылымы бар мектеп технопарктері желісін құруды жоспарлап отырмыз, - деді білім басқармасының жетекшісі.
Ол мектептерді сандық жүйеге ауыстыру және компьютер техникасымен жабдықтау жаңартылған білім форматына ауысуда үлкен маңызға ие екенін атап айтты. Бұл формат балалардың тәжірибелік машығы мен атқарымдық сауаттылығын дамытуды қарастырады.