• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында 210 көпқабатты үйлерді жылусыз қалдырған апат жойылды

Қарағандыда бейсенді, 8-ші ақпанда қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі жылу магистраліндегі апат жойылды. Осы себепті 210 көпқабатты үйлер төмен режимге ауыстырылған. Қазіргі таңда ақау жойылды дап хабарлайды «Теплотранзит Караганда» ЖШС баспасөз-қызметі.
Компанияның ақпаратынша, «5А» магистральді сорғыш станциясында электрэнергиясының қысқа мерзімге ажыратылуының салдарынан М5 және М10 магистральді желілердегі су құбырларында қысым күрт ауысуы болған. Гидросоққы жер асыт арқылы өтетін 1020 мм диаметрлі М5 жылумагистраліне («Строймарт» дүкенінің аумағы) және 720 мм диаметрлі М10 жылумагистраліне (Мұқанов және Тәттімбет көшелерінің қиылысындағы) келетін құбырларда ақау пайда болған.
«Жедел режимде ақаулық учаскелер қшіліріп, жөндеу жұмыстары жасалды. Төмендетілген режимге 30-шы ықшам аудан, Степной -1, 2, 3, 4, Шапағат, КТК ықшам аудандарының 146 көпқабатты үйлері және Гүлдер 1,2 және Кеңдала шағын аудандарындағы 64 көпқабатты үйлері мен 39 жер үйлер көшірілді.
Апаттың салдарын жоюға құрамы 23 адамнан және 15 бірлік техникадан құралған 4 бригада жұмылдырылды. Қазіргі таңда ақаулар жойылды. Температуралық және гидравликалық режимдер қайта қалпына келтірілді.
Тұтынушыларға жылу энергиясын пайдалану ережелеріне сай қайта есептеулер жасалады.

«Теплотранзит Караганда» ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің телефоны: 561779, WhatsApp 87556441070.
Төмендетілген режим – ол жылу пайдалану жүйелерінің және жылу жүйелерінің мұздап қалмауы мақсатында төмендетілген температура көрсеткіштері бар жылу ұстау құрылғыларында циркуляцияның болуы.