• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды тарихынан 10 дерек пен мәлімет

1. 1857-ші жылы қазіргі Қарағандының аумағында тас көмір шығаратын тау қазбасы, Иванов разрезі пайда болды. 1931-ші жылы Қарағанды кеншілер елді мекені жұмыс кенті болып қайта құрылды, ал 1934-ші жылы – қала болды.



2. Қарағанды қаласының атауын әдетте облыс аумағында өсетін «қараған» өсімдігімен байланыстырады. Бәрақ тағы бір нұсқасы бар: «қара қан» - халық көмір тау жыныстарын қою қара қанмен салыстырған.



3. Қарағанды көмір бассейнінде шығарылатын көмір қыртыстарының бірін «Марианна» деп атаған. Бұл атауды Әппақ Байжановқа дейін қара тастың жану қасиетін тауып білген байдың Мәриям атты қыздың құрметіне қойылды деген болжам бар.



4. Қарағандының қазіргі таңбасы – қаланың тарихындағы үшіншісі. 1934-ші жылдың гербте шахталық құрылыс бейнеленген болатын.сонан соң эмблемадда суыр пайда болды – Төлеген Абылқасов салған ол герб 2007-ші жылға дейін болды. Жаңа таңба 2007-ші жылдың 18-ші шілдесінде бекітілген. Билік өкілдері ең үздік жобаға байқау жариялап, оның жеңімпазы суретші Айбек Бегалин атанды. Автордың оайынша, бүркіт – Сарыарқа белгісі, ақ түс тазалық пен мейіміділікті білдіреді, ал террикондар қаланың тарихи тамыры туралы еске салады.

2014-ші жылы Қарағандының таңбасы салынған мата ғарышта болып қайтты - ол Жерге "Союз ТМА-12М" кемесінің экипажы мүшелерімен бірге оралды.



5. Қарағандының бірінші көшесі (Жаңа қаланың ескі бөлігінде) алғашқыда жай ғана өткел болған. Мұнда екі параллельді бағыттар – Сталин және Киров көшелерінің арасында алғашқы үйлер пайда болды. 1940-шы жылы ол өткелге Доскей Әлімбаевтың есімі берілді. Қазір бұл көше Бұқар Жырау даңғылы мен Ерубаев көшелерін біріктіреді.



6. Қарағандының бірінші басшысы Кәрібоз Шектібаев ұмыт қалған. Оның есімі бірде бір энциклопедияда жоқ, оның портреті қала басшылар галереясында жоқ. Мұрағаттық мәліметтер бойынша Кәрібоз Шектібаев Спасск зауыты жұмыскерінің ұлы, 1930-шы жылдан 1932-ші жылға дейін Қарағанды қаласының қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Ол саяси құғын-сүргін құрбаны болған: 1938-ші жылы қаланың бірінші басшысын «халық жауы» ретінде ату жазасына жіберген. 1960-шы жылы оның жұбайы Шектібаевтың есімі ақталуына қол жеткізген.



7. Қарағандының бас жоспары 1934-ші жылы құрылған (авторы А. Кузнецов, кеңесші-сәулетші А. Иваницкий). Бірақ басында ол тапсырысты танымал сәулетші Эрнст Май бастаған неміс мамандар тобына берілмекші болған. Бұл топ соңына таратылып жіберілген, алайда олардың кей идеялары қалған. Нәтижесінде Қарағандының бас жоспарында екі мектеп қалған: Баунхауз және мәскеу конструктивистерінің.



8. Жамбыл көшесіндегі алғашқы қарағандылық «сталиндік үйлер» хан сарайлары қолтаңбасына ие. Міндетті талаптар ретінде биік төбелер мен жапсырмалар болған.



9. Қарағандының 5 туыстас қалалары бар: Сеул (Сонг Па округі (Сонпхагу), Корей Республикасы), Каменское (Днепропетров облысы, Украина), Эрак (Орталық остан, Иран), Клуж-Напока (Трансильвания, Румыния), Несебр (Болгария Республикасы).



10. Ресейде, Оренбург облысында Қарағанды деп аталатын кішкентай ауыл бар. Онда барлық жоғы жүз аула бар.

Воронеж қаласында төрт жыл бұрын «Қарағанды» деген атауы бар кафе анықталған. Алайда сол уақытта мекеме жұмыс істемеген.

Ал Қазақстанның батысында Қарағанды деген атауы бар кішігірім ауыл бар, Батыс-Қазақстан облысы, Сырым ауданында. Ол Шолақаңқаты селолық округінің құрамына енеді, жәнеде 2009-шы жылдан бастап онда 214 тұрғын тіркелген.