• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Благоустройство» КММ-де тұрғындарға арналған жедел желі жұмыс істейді

«Благоустройство» КММ-де жедел желі жұмыс істей бастады. Қарағандылықтар оған 41 83 95 және 8 700 469 72 21 нөмірлері бойынша хабарласып, қар тазалауға қатысты ұсыныстары мен шағымдарын айта алады.
Жедел желі тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді. Операторлар шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайды, сонан соң «Благоустройство» КММ қызметкерлері аталған мекенжай бойынша шығып, егер шын мәнінде проблема болса, оны шешеді.
Оған қоса, үндеулеріңізді компанияның ресми сайтында да қалдыруға болады - www.korkeytu.kz, сонымен қатар олардың Instagram аккаунтында – @kgpblagoustroistvo және Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің аккаунтында - @kazybekbi_blagoustroistvo жазуға болады.
- Соңғы аптада біздің аккаунтқа үш шағым түсті. Бүгінгі таңда олардың барлығы шешілді. Жалған шақыртулар әдетте болмайды. Егер адамдар телефонмен хабарласса, онда проблема шын мәнінде бар, - дейді Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Ләззат Әкілжанова.
Бүгінгі таңда «Благоустройство» КММ Қазыбек би атындағы ауданның 203 көшесін және Октябрь ауданында 93 көшені тазалайды. Қарды 159 жұмыскер жинайды: 102 күндізгі ауысымда, 57 адам түнгі ауысымда.