• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда корей мәдениетінің Фестивалі өтеді


«Елдос» қоғамдық қоры барша жұртты корей мәдениеті Фестиваліне шақырады. Ол Алғыс күніне, Астананың 20 жылдығы мен шығыс күнтізбесі бойынша атап өтілетін Жаңа жыл – Сольнальді тойлауға арналады.
Фестиваль 17-ші ақпанда Кеншілер даңғылы, 64 мекенжайы бойынша орналасқан Достық үйінде өтеді. Басталуы 14.45-те.
Мерекеге кіру тегін, шақырту билеттері бойынша болады. Шақыруды (бір қолға екіден көп емес) «Елдос» ҚҚ-да (11а ықшам аудан, 12/4 құрылысы) және «Елдос» оқу орталығында (Восток-1, 10 үй) алуға болады. анықтама телефондары: 45-31-36, 37-36-27.