• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық оқушыларды бизнес негіздеріне оқыта бастады

Қарағандылық оқушыларды кәсіпкерлікке оқыта бастады. Сынып сағаттарында балаларға қаржылық сауаттылық туралы айтылады. Жоғары сынып оқушыларын бизнес негіздеріне үйретеді.
«Мектеп кәсіпкерлігі» бағдарламасын «Атамекен» ҰКП іске қосты. Сонымен қатар «Табысқа жол» кәсіби бағдарлы жоба жүзеге асырылуда.
Өздерінің кәсіпкерліктегі машықтарын Қарағанды мектептерінің оқушылары «Өз ісіңді баста және дамыт» іскерлік ойын ретінде көрсетті. Оны аймақтық Кәсіпкерлер палатасы мен ҚЭУҚ бизнес экономика, бизнес және құқық колледжі ұйымдастырды.
- Ойын бизнес-әрекеттерді моделдеуге және істі сәтті жүргізудің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік береді. Жалпы іскерлік ойын барысында балалар санын қуамыз деп сапасын ақсатпау керектігімізді түсіне білді, ал несие жұмыс істеп, табыс әкелуі керектігін, құр бос жатпауы қажет екенін түсінді, - деп атап өтті бизнес-мектеп өкілі Виктория Винокурова.
Жеңімпаздарды тапқан табыс көлеміне қарай анықтады. Нәтижесінде бірінші орынды №63 ЖББОМ командасы ұтты. Екінші орын №83 ЖББОМ, үшінші орында - №45 гимназия.
Оқушылардың кәсіпкерлікке деген ынтасы мен жетістктерін көрсете білуге басқа да мүмкіндіктер бар. Қарағандыда №101 мектеп-лицейінде бизнес-жәрмеңке ұйымдастырылды, онда әрбір қатысушы өз жобаларын таныстырды. Сонан соң олар үшін Кәсіпкерлер палатасының бас кеңсесіне экскурсия жасалды, ол жерде балалар өз ісіңді бастағанда қандай қолдау алуға болатынын білді.


Фото atameken.kz и kargoo.gov.kz