• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Сұрыптау шағын ауданында жаңа Өнер мектебі ашылды

Қарағандыда №3 Онер мектебі ашылды. Жаңа қосымша білім ұйымы Сұрыптау станциясында орналасқан. Онда қазірдің өзінде 300-ге жуық бала оқып жатыр.
Қалада №4 музыкалық мектепті қайта құрды. Осының арқасында жас дарындар үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік туды. Енді Сұрыптау ауданының хореографиямен және көркем шығармашылықпен айналысатын балаларына қаланың басқа аудандарына барудың қажеті жоқ.
№3 Өнер мектебі Победа көшесінің бойындағы жөндеуден өткізілген ғимаратта орналасты.
Қарағандыда сонымен қатар «Шексіз балалар дарыны» байқауы қорытындыланды. Шығармашылық сайыстар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ «Дарындар салюты» халықаралық жобасы аясында өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша өнер мектерті мен музыкалық мектептердің 46 тәрбиеленушілері іріктелді, олар қаламыздың және еліміздің намысын халықаралық байқауларда қорғайтын болады.
Осыған дейін хабарланғандай, Қарағандыда 2018-ші жылы қалалық бюджеттен дарынды балалардың халықаралық байқауларға сапарлары қаржыландырыла бастады. Бұл мақсттарға 13 млн тенге бөлінді.

Фото kargoo.gov.kz