• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

2018-ші жылы мұғалімдердің жалақысы қалай өзгереді

2018-ші жылы жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты мұғалімдердің жалақысы өседі. Педагогтар қандай үстемақы күтетінін Қарағанды облыстық Білім басқарасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.
Қосымша 35000 тегені қазірдің өзінде жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер алып жүр. Сонымен қоса осы жылдың басынан бастап жаңа бағдарлама бойынша білім беретін мұғалімдердің айлық ақысына 30% көлемінде қосымша ақы қосылады.
- 2018-ші жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап ұлттық біліктілік тестінен өткен пән мұғалімдеріне үстемақы төленетін болады. Тест қорытындыларына байланысты олардың бір айлық жалақысы 30-50%-ға жоғарылайды. Ол үшін республикалық бюджеттен 554 миллион теңге бөлінген, - деп мәлімдеді Есенғазы Иманғаливе.
Естеріңізге сала кетейік, өткен оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылар жаңартылған білім мазмұнына көше бастады. Жаңа оқулықтар бойынша 1, 2, 5, 7 сыгып оқушылары білім алып жатыр. Осы жылдың қыркүйегінде жаңа оқу әдістемелері 3, 6, 8 сынып оқушылары үшін шығарылады.