• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналған көрме ашылды

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қызыл із» және «Медальдің кері жағы» атты екі экспозицияны біріктірген көрме ашылды. Ол 1979-1989 жылдары Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналды.

- «Қызыл із» жобасы екі жыл бұрын басталды, оның авторы – фотограф Дәлет Абдрахманов, - дейді мұражай сақтаушысы, өнер танушы Дәмелі Қадырқұлова. – Осы жолы біз кеңес әскерін Ауғаныстаннан шығарудың 29 жылдығына арналған экспозицияларды біріктірдік.

Көрермендер назарына 208 жәдігер ұсынылды, оның ішінде суреттер, әскери киім-кешектер, наградалар мен ерекшелік белгілері бар. «Қызыл із» фотокөрмесі жауынгер-интернационалистердің қазіргі заманғы портреттер галереясын ұсынады. Әр суретте екі уақыт көрсетілген – алыста қалған 80-ші жылдар және оның фонында қазіргі күндер.
Көрменің ашылуына 12-ші ақпанда Т. Бегелдінов атындағы әскери мектеп-интернаттың кадеттері келді.
- Көрменің мақсаты - жауынгер-интернационалистердің ерлігі, адалдықпен орындаған отан алдындағы борыштары, антқа деген адалдығы және шынайы сарбаздық ағайыдық туралы айтып беру. Жастар ол туралы білулері қажет, - дейді Дәмелі Қадырқұлова.
Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және облыстық бейнелеу өнері мұражайының 30 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр.
Көрме 20-шы ақпанға дейін жалғасады.