• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Пришахтинскіде 280 орындық мемлекеттік балабақшаны қалыпқа келтіру жоспарланып отыр

Қарағандыда 2018-ші жылы балабақшалардағы орын тапшылығын толығымен жою көзделіп отыр. Пришахтинскіде 280 орындық мемлекеттік балабақшаны қайта қалыпқа келтіру жоспарлануда. Ол жайлы қала әкімі Нұрлан Әубәкіров халықпен есептік кездесуі барысында мәлімдеді.
- Дамудың басты бағыттарының бірі өскелең ұрпақтың өсіп-өнуіне жағдай жасау болып табылады. 2017-ші жылы қосымша 19 жаңа жекеменшік балабақшалар ашылды, оларда мемлекеттік тапсырыс бойынша 2500-ге жуық жаңа орын қаматамасыз етілді. Өткен жылдың 1-ші маусымынан бастап облыс әкімінің қолдауының арқасында жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс орналастыру механизмі қарастырылды. Соның арқасында ата-аналар үшін төлемақыны төмендетуге, ал бизнес өкілдеріне ұзақмерзімді келісімшарт түрінде мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз етуге мүмкіндік туды, - дейді Нұрлан Әубәкіров.
Билік басындағылар бұл жұмыстарды әлі де жалғастыруда.
- 2018-ші жылы қосымша тағы 6 жекеменшік балабақшада 1000-нан астам орын қарастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Пришахтинскідегі 23-ші ықшам ауданда 280 орынға шақталған мемлекеттік балабақшаны қайта қалыпқа келтіру көзделіп отыр, - деді қала әкімі. – Бұл жұмыстың барлығы осы жылдың өзінде 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен жүз пайыз қамту үшін жасалып жатыр.
Қала басшысы сонымен қатар мектептер желісінің дамуы туралы да сөз қозғады:
- Орта білім беру саласында, қаланың аумақтық дамуы мен көшіп-қону процесстерін ескере отырып, соңғы кездері кейбір мектептердегі жүктеме ұлғайып кетті, әсіресе оңтүстік-шығыс бөлікте. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында 2017-ші жылы «Кеңдала» ықшам ауданында 1800 оқушыны қамтитын жаңа мектеп ашылды. Бұл жақын маңдағы №101 және №23 мектептерді сәл босатуға мүмкіндік берді. Осындай жобамен тағы екі нысан салынып жатыр – Бауыржан Момышұлы ықшам ауданында және Оңтүстік-Шығыстағы 30-шы шағын ауданда.