• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында студенттік жатақханалар көбірек салынатын болады

Қарағанды облысында студенттік жатақханалардың өткір тапшылығы байқалады. Бұл мәселені шешу жолдарын аймақ басшысы Ерлан Қошанов Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» халыққа жолдауын талқылау бойынша актив жиналысында айтып берді.
- Біздің облыста күндізгі бөлімде оқитын 25 мың студенттің 13 мыңнан астамы мемлпекеттік білім гранты бойынша оқуда. Бүгінгі таңда Елбасының арқасында олардың саны 35-40%-ға көбейеді. Аталмыш шара орта мектеп түлектерін жоғары біліммен қамтуды ұлғайтуға септігін тигізеді. Бұл ретте негізгі басымдылық техникалық мамандықтарға беріледі, ол біз секілді өнеркәсіптің аймақ үшін өте өзекті болып отыр, - деді Ерлан Қошанов.
Гранттарды үлестіру үшін облыс әкімі қысқа мерзім ішінде аймағымыздың қандай білікті кадрларға мұқтаж екенін анықтауды тапсырды. Сонымен қатар студенттерді жатын орындармен қамтамасыз ету қажет.
- Бүгінгі таңда жатақхана тапшылығы мәселесі өте өзекті екенін мойындауымыз керек. Қазіргі уақытта облыстағы жастарымыздың 52%-ы жатын орынға мұқтаж. Соңғы рет жатақхана 5 жыл бұрын салынған, - деп атап өтті аймақ басшысы. – Колледж студенттерін 2022-ші жылға дейін 100% жатын орындармен қамтамасыз ету мәселесін МЖС механизмі арқылы шешіп жатқан болсақ, ЖОО-на қатысты алда әлі күрделі және ауқымды жұмыс атқару керек.
Ерлан Қошанов ЖОО ректорларына жақын уақытта жобалық-сметалық құжаттармен айналысып, инвесторларды іздестіруге кірісуді ұсынды.
Бұл мәселе ерекше бақылауға алынады деп атап айтты облыс әкімі.
Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» - қосымша гранттар бөліп, студенттерді жатақханаларда жатын орнымен қамтамасыз етуді қарастырады.