• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Шағын несиелеуді кеңейту Қарағанды облысындағы стартап-жобалардың санын екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді

Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру ісін енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерге бизнесін дөңгелетіп алып кетуді жеңілдетеді. Қарағанды облысында жүзеге асырылған стартап-жобалардың саны екі есеге ұлғаюы мүмкін. Ол жайлы аймақ басшысы Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» халыққа жолдауын талқылау бойынша актив жиналысында мәлімдеді.
- 2017-ші жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылында облысымызда 827 ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер 4,5 млрд теңге сомаға шағын несиелер алды. Бұл оларға ауыл шаруашылығында және өңдеу өндірісінде жаңа кәсіпорындар ашуға, сондай-ақ 700-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді, - деді Ерлан Қошанов «Шағын несие беруді көбейту» бастамасына тоқтала келе.
Алайда бөлінген қаражат барлық ниет білдірушілерге жеңілдетілген несие алуға жеткіліксіз.
- Тек «Бастау бизнес» жобасы бойынша ғана 1313 оқудан өткен кәсіпкерлердің 956-ы қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігінен шағын несие ала алмай қалды, - деп мәліметтер келтірді облыс әкімі. – Бұл мәселені біле отыра, Елбасы ағымдағы жылы бұл бағдарлама бойынша қосымша 20 млрд теңге бөлуді тапсырды. Біз үшін ол дегенімізжүзеге асырылатын стартап-жобалардың санын екі есеге арттыра аламыз дегенді білдіреді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге өзін және өз отбасын жұмыспен және табыспен қамтамасыз етуге, және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Бұл бастама әсіресе ауыл тұрғындарына көмегін тигізеді деді аймақ басшысы.
Ерлан Қошанов ауылдық жерлерде жаңа инвестициялық жобаларды іздестіру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.