• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында сурет пәні мүғалімдері үшін шеберлік-сынып өткізілді

№1 Балалар көркемөнер мектебінің педагогтары 6-шы наурызда өз әріптестері – көркемөнер мектептерінің, өнер мектептірінің көркемөнер бөлімшелері мен бейнелеу студияларының ұстаздары үшін «Өнерлі шебер» шеберлік-сыныбын өткізді. Жәнеде бұл шарамен бір уақытта жыл сайын ұйымдастырылатын «Мастер ART» байқау-көрмесі өтті.

Байқау осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Биылғы жылы оған 60-қа жуық адам қатысты. Байқау жұмыстарын бейнелеу өнері мұражайында 11-ші наурызға дейін болатын көрмеден тамашалауға болады. Қатысушылар қысқы қала пейзаждарын, сүйікті гүлзарларын, көшелер мен аулаларды бейнелеген.

Көрме шеңберінде ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде қосалқы білім мекемелерінің ұстаздарына арналған тәжірибелік шеберлік-сыныптарын өткізеді. Осы жылы оларды №1 Балалар көркемөнер мектебінің ұстаздары өткізді.

- Практикум бағдарламасында «Графикадағы миниатюра», «Калькадан салынған пейзаж», «Қысқы түс» және «Көңілді түймелер» болды, - дейді №1 Балалар көркемөнер мектебінің директоры Дина Кеңесбаева.
Ұйымдастырушылар шеберлік сыныптарында қатысушылар сурет салудың қызықты және әртүрлі техникаларын үйреніп, өздерінің тәжірибелік машықтарын кеңейтіп, шеберліктерін шыңдағанын айтты.