• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында жылжымалы флюорографиялық құрылғылар жұмыс істейді

Жылжымалы флюорографиялық құрылғыларды Қарағанды облысындағы қалалардың көшелерінен көруге болады. Ақпанның 24-нен наурыздың 24-не дейін аймағымызда туберкулездің алдын алу бір айлығы өтіп жатыр.
Барлық ниет білдірушілер арнайы жылжымалы бекеттерде тегін түрде флюорографиядан өте алады. Бұл мүмкіндікті 419 қарағандылық пайдаланып үлгерді. Туберкулезбен күрес диспансері қызметкерлерінің айтуынша, адамдар өз денсаулығыңа немқұрайлы қарамау керектігін сезіне тұра, бұл процедурадан қуана өтуде.
12-ші наурызда флюорографияны Сұрыптау станциясының тұрғындары да өте алады, жылжымалы флюорограф «Жұлдыз» базарының жанында орналасады.
13 және 14 наурызда мобильді медициналық бекет Майқұдықта, «Умай» сауда орталығының жанында болады.
Балқаш қаласының тұрғындары 12-ші наурызда тексерістен өте алады, жылжымалы флюорографиялық құрылғы Рембаза маңында орналасады, ал 13 және 14-ші наурызда Жұмысшылар кентінде, 15 және 16 наурызда «Балқаш» станциясында қабылдайды.
Жезқазғандықтар медициналық қаралудан наурыздың 12-нен 14-не дейінгі аралықта «Лекерова» ЖШС өту мүмкіндігін алады.
Наурыздың 26-сы мен 28-і аралығында флюорограф Сәтпаевтағы емханада жұмыс істейді.
Бір айлық шеңберінде облыс бойынша туберкулездің алдын алуды насихаттауға бағытталған басқа да акциялар жоспарланып отыр. Сонымен қатар туберкулезге қарсы диспансерде ашық есік күні өтеді.
Қосымша ақпаратты келесі нөмір бойынша білуге болады: 8 (7212) 50 48 92 – туберкулезге қарсы диспансердің Call-орталығы және 8 (7212) 95 55 59 – Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы.