• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Станиславский атындағы театры көрермендерді «Fedra. Игра» спектаклінің премьерасына шақырады

К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Достық ордені орыс драма театрының сахнасында наурыздың 9, 10, 24-і күндері сағат 17.00-де Луций Анней Сенеканың «Fedra. Игра» трагедиясының премьерасы өтеді.
Әйгілі рим философы, ақын және драматург Луций Анней Сенека (б.з.б. 4 жыл – б.з. 65 жыл) бүгінгі күнге жетпей, аты аңызға айналған Еврипидтің «Ипполит» (б.з.б. 428 жыл) туындысы негізінде «Федра» трагедиясын жарыққа шығарды.
- XХVI-XХVII ғасыр бұрын жазылған пьесаның кейіпкерлері қазіргі күнде де арамызда өмір сүруде. Спектакльдегі кейіпкерлермен бірге көрермендер шығарма желісімен бір тыныста болады. Гамлет, Лир, Макбет, Медеей немесе Федрамен болған оқиғалар қазіргі заманда да кездеседі. Біздің сыртқы келбетіміз өзгереді, ал жан дүниеміз, ішкі болмысымыз ешқашан өзгермейді, - дейді режиссер Қуандық Қасымов.
К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры антикалық драматургияны алғыш рет сахна төріне қоймақшы. Спектакльді сахналау үшін Тараз қаласынан Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты Қуандық Қасымов шақырылды. Антикалық пьеса желісі бойынша қойған оның спектакльдері Сербия, Македония, Ресей, Румыния және т.б. елдерде өткен халықаралық театр фестивальдерінде жоғары бағаланды.
Пьеса негізіне махаббат үшбұрышы алынған. Афины патшасы Тесейдің (Денис Цветков Александр Полевода) әйелі Федра (Оксана Игнатенко Галина Турчина) Тесейдің бірінші некесі Антиопа амазонкадан туған ұлына ғашық болады. Тесей кезекті жорыққа шығып, ғашық жүректі Федраны өз ұлымен (Андрей Марычев/ Андрей Белавин) қалдырады. Федра жүрегін жаулап алған махаббатын жасырмай, өгей ұлға сезімін білдіреді. Күйеуіне опасыздық жасаған Федра, бойында жанып тұрған махаббатын үзенгілей алмады.
Осы оқиға екі мың жыл бұрын жазылса да әлі күнге дейін өзекті. Өйткені, махаббат пен опасыздық қай заманада да қатар жүреді.
Сонымен қоса, спектаклде Дина Семененко, Марина Марычева, Алексей Браилко, Александр Тисен және т.б. өз өнерлерін көрсетеді.
Қоюшы-суретші – Елена Ким. Ол жасаған сценографияда көрініс антикалық дәуірден қазіргі заманға ауысып, оқиға уақытпен шектелмеген кеңістікке тарқатылады.