• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысы әкімдігінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамына арналған салтанатты кездесу өтті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың салтанатты қабылдауы өтті. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының, мемлекеттік қызмет ардагер әйелдері, өнеркәсіп және ауылшаруашылық секторларының өкілдері, қорғаныс күш құрылымдарының қызметкерлері, спортшылар мен кәсіпкерлер шақырылды.

Аймақ басшысы кездесуге қатысушыларды және облыстың барлық әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға бақыт пен зор денсаулық тіледі.

- Бүгін зал жылылық пен сұлулыққа толы, - деді Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде. – Мен сіздерді және облысымыздың барлық әйелдерін келе жатқан мерекемен құттықтағым келіп отыр. Нәзік жандылар іске кіріскенде барлық жұмысына жанын салады, сондықтан ол істің барлығы сәтті болары анық.

Аймақ басшысы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапаттарын табыс етті.

«Алтын алқа» иелері Алена Николаевна Асанбаева, Нұрсәуле Нұрқайдарқызы Нұртазина және Надежда Викторовна Хицко атанды. «Күміс алқа» Эльмира Рустембекқызы Түлееваға және Назгүл Шолпанқұлқызы Сарсенбаеваға табыс етілді.

Сонымен қатар салтанатты жиында Ерлан Қошанов Рио-де-Жанейродағы ХХХІ Олимпиада Ойындарының қола жүлдегеріЭльмира Сыздықоваға пәтер кілтін табыс етті.
Пәтер Еуразия Тобы (ERG) құрамына енетін «Шұбаркөл көмір» АҚ демеушілік көмегімен сатып алынды. Ауданы 65,4 шаршы метрді құрайтын пәтер Қарағандының жаңа ауданында Ботаническая көшесінің бойында орналасқан. Оның құны 18 миллион 966 мың теңгені құрады.
Эльмира Сыздықова – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін стильдегі күрескер, 2016-шы жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионаттары мен халықаралық турнирлерінің бірнеше мәрте жүлдегері. Ол 2020-шы жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр. Эльмира Сыздықова төрт жылдықтың басты ойындарында жеңіске қол жеткізуге оқталып отыр.

- Барлық әйелдерді мейраммен құттықтаймын. Мен бүгін облысымыздың дамуына үлесін қосып жүрген жандардың арасында болу үлкен мәртебе. Ерлан Жақанұлы, сізге және Еуразия Тобына осы сыйлық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деп алғысын айтты Эльмира Сыздықова.

Жиынға келген барлық нәзік жандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.