• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіндегі жағдай туралы

Костенко атындағы шаxтада Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың жетекшілігімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басышылығы атынан атқарушы директор Вадим Басиннің, КӘАҚҚ РМК Қарағанды филиалының жетекшісі Геннадий Силинскийдің, сондай-ақ құзырлы мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Қазіргі таңда Костенко атындағы шаxта
тіршілікті қамтамасыз ету режимінде жұмыс істеп жатыр. Алынған сынақтардың сараптамасы апаттық учаскідегі орта жарылыс қауіпті емес екенін көрсетті. Жағдай жіті бақылауда және әрдайым қадағаланып отыр. Осы сәтте өрт пайда болған жерде тілсіз жауды құрықтау жұмыстары жалғасуда. Компанияның сәйкесінше қызметтерімен және КӘАҚҚ РМК Қарағанды филиалының жұмыскерлерімен дер кезінде апаттық учаскіде қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша шаралар құрылды. Жағдайдың одан арғы бақылауы мен сараптамасы негізінде келесі іс-әрекеттер бойынша шешім қабылданатын болады.
Алдын-ала болжам бойынша өртің шығу себебі - табиғи құбылыс салдары. Өрт көзін жою бойынша барлық жұмыстар қауіпсіз режимде және жұмылдырылған адамдардың өміріне қауіп төндірместей жүргізіледі.
Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша Костенко атындағы шаxта жұмыскерлерін жұмыспен қамту мәселесі бақылауға алынған. Шаxта қызметкерлерінің бір бөлігі жұмыс тоқтап тұрған уақытта басқа шаxталарға жіберіледі, ал қалған бөлігі КӘАҚҚ РМК Қарағанды филиалының қызметкерлерімен бірігіп, апаттың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылады.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз-қызметі.