• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында Наурыз мейрамын тойлау шараларына дайындық жүргізілуде

Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар Қарағанды облысында наурыздың 21-нен 25-не дейінгі күндері жалғасады. Биылғы жылы далада орнатылған киіз үйлерде келушілерге арналып тақырыптық экспозициялар дайындалып, дәстүрлі әдет-ғұрыптарды көрсететін театрландырылған көріністер ұйымдастырылады.
қалалық басты тойлау шаралары 22-ші наурызда Орталық саябақта өтеді. мұнда жеті тақырыптық алаңдар құрылады. Басты сахнада концерттік бағдарламамен солистер, кәсіби және көркемөнер музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетеді. Саябақтағы алаңдардың бірінде бауырсақ пісіру, палу мен наурыз көже әзірлеу бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Ал келесі бір алаңда ұлттық костюмдер көрсетілімі өтеді. Бұл күні сонымен қатар саябақта тұсау кесу дәстүрі өткізіледі, оны лед-дисплейлерде көрсетеді. Сондай-ақ ұлттық бұйымдар мен әр жылдары Наурыз мейрамында түсірілген фото-суреттердің көрмесі болады. Саябақта кәдесыйлар, тәтті-дәмділер мен сусындар сататын шатырлар тігіледі. Ал жастар үшін алтыбақан орнатылады.
- Наурыздың 25-не дейін киіз үйлер тұрады. Кітапханаларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, қалалық алаңдарда мерекелік шаралар өтеді, - деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Қарағандыда бес алаңда барлығы 30 киіз үй тігілетін болады. Олардың 14-і Орталық саябақтың жағажайы бойында онатылады. Қалғандарын Кеншілер мәдениет сарайы, Жаңа Майқұдық МҮ, Теміржолшылар МҮ және Достық үйінің алдында қояды.