• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Теміртаулық тарихи-өлкетану мұражайы Наурызға арналған квест ұйымдастырмақ


Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражай 13-ші наурыздан бастап Наурыз мейрамына орайластырып, "Жаңа күннің құпиялары" атты квест бастайды. Ойынға 7 жастан жоғары балалар қатыса алады.

- Ойынға біздің мұражайдың бес залы жұмылдырылды. Квесттің өзі жеті кезеңнен құралады, - дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Светлана Трещёва. - Бірінші қабатта бос үстел тұрады. Әрбір орындалған тапсырмадан соң командалар бір зат алады. Соңында ойынға қатысушылар барлық заттарды жинап осы үстелді толығымен жабулары тиіс болады.

Қатысушыларға жұмбақтардың жауаптарын тауып, құпияларды ашып, наурыз көже әзірлеп, асық ойнау керек болады, сонымен қатар мұражай жәдігерлері туралы көбірек білетін болады.

"Жаңа күннің құпиялары" атты квест-ойыны мұражайда 22-ші наурызға дейін жалғасады.

- Алайда алда әлі көктемгі демалыс бар, сондықтан егер сұраныс болса, мүмкін бұл ойынды әрі қарай жалғастыратын шығармыз, - дейді Светлана Трещёва.

Ойынға келесі телефон нөмірі бойынша жазылуға болады: 93-19-05 (Теміртау қаласының коды – 7213). Билет құны 80 теңге.