• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Абылайхан Жүсіпов Хельсинкиде өткен бокс бойынша халықаралық біріншілікте алтын медаль ұтып алды

Финляндия астанасы Хельсинкиде 9-11 наурыз аралығында GeeBee атты 37-ші бокс бойынша халықаралық турнир өтті. Қазақстандықтар біріншілікте жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді, жәнеде бұл жеңіске өзінің үлесін қарағандылық Абылайхан Жүсіпов те қосты.
Турнирге алты қазақстандық боксшылар қаысты: Олжас Байниязов (52), Қайрат Ералиев (56), Абылайхан Жүсіпов (69), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Құнқабаев (91+). Олардың бесеуі алтын медаль иеленді, бірауі - күміс жүлде жеңімпазы атанды.
Абылайхан Жүсіпов ақтық сайыста британдық Акбар Харристі 5:0 есебімен жеңіп, GeeBee турнирінің чемпионы атағына ие болды.
Абылайхан Жүсіпов Абай қаласында дүниеге келген. Спортшы 21 жаста, бокспен 12 жыл шұғылданады. Спортты ЖОО-ғы туризм факультетіндегі оқуымен қатар алып келеді.
Халықаралық класстағы спорт шебері. салмақ дәрежесі - 69 кг. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Аманбаев Б.К., Кенжебаев Г.К. жетекшілігімен жаттығады.
Жетістіктері:
2012 ж. - «Дети Азии» халықаралық ойындарының жеңімпазы, Якутск қ. (Ресей);
2013 ж. - Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы;
2014 ж. - Жастар арасында Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы, ІІ жазғы жастар Олимпиада ойындарының чемпионы;
2016 ж. - Рио-де-Жанейродегі XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы;
2017 ж. - Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері.


Фото kfb.kz