• 4810 барлығы
  • 51 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында бағаларды тұрақтандыру жоспары ұсынылды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын т ұрақтандыру бойынша жоспар ұсынылды. Жобаны экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және қаржы басқармасымен бірігіп құрастырған.
Жоспарды аймақ басшысының тапсырмасы бойынша бірнеше ай жасаған. Сарапшылар тауарлық нарықты, өндіріс және тұтыну тепе-теңдігінің мәліметтерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар мен қызметтер бағасының қарқындылығын, тұыну несиелерінің кей түрлерінің пайыздық мөлшерлемесінің өзгерісін сараптап шықты.
- Баға өзгерісі көбінесе күзгі-көктемгі уақыттарға келеді. Осылайша, мысалы, өткен жылдың мамыр-маусымында азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі 105,5%-дан 107,2% -ға дейін өсіп кетті. Қыркүйек айына қарай баға индексі 103,3%ға дейін төмендеді, ал қарашада 106,2%-ға, желтоқсанда 107,7%-ға дейін көтерілді. Бұл көмір, ЖЖМ және басқа да азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауына байланысты болды, - деп түсіндірді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Ораз Тәуірбеков. - Біз шараларды құрастыру кезінде бағаның көтерілуіне себеп болаын инфляциялық және инфляциялық емес жағдайларды ескерген жөн деп санаймыз.
Инфляциялық себептер қатарында ол кейбір нарықтық сегменттердегі дұрыс бәсекелестіктің жоқтығын, коммуналдық қызмет көрсету саласындағы монополияны, сондай-ақ импорт көлемінің өсуін, оның ішінде біздің өңірімізде шығарылатын тауарлардың да барын ерекше атап өтті.
- Үкімет бекіткен 5-7% өткелде инфляцияны ұстап қалу үшін шаралар Жоспарында жалпы есептегенде 50 шара қарастырылған. олар үш бөлімге шоғырландырылған: "Сараптамалық-аналитикалық жұмыс", "Инфляциялық, инфляциялық емес процесстердің салдарын тұрақандыру (төмендету) бойынша шаралар" және "Ақпараттық-түсінікеме жұмыстары".
Ұсынылып отырған шаралар қатарында - мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің МЖӘ жобаларын жүзеге асыруға бірлесіп қатысуын қолдану әдістері мен формаларын кеңейту бар. Анағұрлым сұранысқа ие тұтыну тауарларын импорт алмастыру саласында кәсіпкерлік белсенділікті ынталардыру бойынша жұмыстар. Тауарларды анағұрлым төмен бағамен сатуға мүмкіндік беретін электрондық сауда, жәрмеңкелер секілді бөлшек сауда құралдарын кеңейту.
- Бағаның өсуіне әкеліп соғатын себептердің бірі тұрғындар тарапынан инфляция күту болатынын ескеріп, біздің жоспарға билік өкілдері бағаны тұрақтандыруға қатысты қандай жұмыстар атқарып жатқанын түсіндіру жұмыстары да енгізілді, - деді Ораз Тәуірбеков.
Сарапшылардың ұсынып отырған басқа да шаралары қатарында - қайта өңдеу өндірістерінің жұмысын жоғарылату, "Жасыл керуен" ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін және тауарлық интервенциялар өткізу бар.
Ораз Тәуірбеков аймағымызда тұтыну несиесінің көлемі 23%-ға өскенін атап өтті. Мұнымен қоса жан басының табысы 9%-ға өскен. Халықтың екінші деңгейлі банктер алдындағы қарызы бүгінгі таңда бір миллиард теңгеден асады.
Аймақ басшысы бір апта көлемінде мемлекеттік орган өкілдері тарапынан жасалатын ұсыныстар мен шағымдарды ескере отырып, қорытынды түзетулер жасауды тапсырды.
- Тағы бір рет барлығын мұқият қарап шығыңыздар. Сонан соң біз бұл құжатты бекітіп, жұмыс істей бастаймыз. Әрине, оны толықтыра аламыз, тіпті кей шараларды қазірдің өзінде қолданып жатырмыз. Бағаның көтерілу себептерін анықтау қажет, жәнеде бұл біздің атқаратын жұмыстарымыздың тек басы ғана, - деп қорытындылады Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі барлық қалалар мен аудандардың әкімдеріне жоспарда келтірілген шараларды барынша тезірек қолдана бастауды тапсырды. Ол жуырда өткен халық алдындағы есептік кездесу барысында жиі қойылған басты сұрақтардың бірі өсіп бара жатқан бағаға қатысты болғанын еске салды.