• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді

16-шы наурызда қарағандылық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді.
Келушілерге мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету реті туралы және «электронды үкімет» порталын пайдаланудың артықшылықтары жайлы айтып береді. Қажетті кеңестерді жұмыспен қамту, ветеринария, тұрғын үй қатынасы, жер қатынасы және сәулет, коммуналдық шаруашылық, спорт, АХАЖ бөлімдері, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық, білім саласының мамандары беретін болады.
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өтетін ХҚКО бөлімдерінің мекенжайлары:
Ержанов көшесі 47/3,
Шахтерлер көшесі 5/2,
Архитектурная көшесі 8,
21 ықшам аудан 6/7.
Барлық ниет білдірушілерді шараға қатысуға шақырады.