• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ақмола облысында ЭКСПО-ның бес энергия жобасы енгізілуі мүмкін

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, мамандар мамандандырылған көрмеде ұсынылған энергетика және мұнай-газ саласындағы 130-дан астам жаңа технологияны қарастырды. Жұмыс тобының мүшелері біздің өңірімізде қолдану үшін анағұрлым тиімді бес жобаны іріктеп алды. 

Ақмола облысы үшін "жасыл энергетика" қағидаларына негізделген кешенді "құбырсыз" газдандыру өзекті жоба болып табылады. Бұл жоба экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді.  

Сондай-ақ, болашақта Аршалы ауданының Қостомар ауылында қуаттылығы 100 МВт болатын жел паркі салынады. 

Бұдан бөлек, Степногорск қаласында тазарту құрылыстарын жаңғырту мақсатында тағы бір жаңалық енгізілуде. Ал «Көкшетау минералды сулары" АҚ электр тарату желісінде компьютерлік бақылау технологияларын енгізуді жоспарлап отыр. 

Сонымен бірге, аппараттық жиналыста жылыту маусымының басталуы, сондай-ақ Ақмола облысындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.