• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Бұқар жырау ауданындағы бюджеттік шығынның жартысынан көбі білім саласына тиесілі

Бұқар жырау ауданыдық мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар жергілікті бюджеттегі өзгертулерді бекітті.
Аудандық бюджетте 180,5 млн теңге көлемінде бос қаражат қалды, сондықтан басты қаржылық құжатқа түзету енгізілді. Билік басындағылар бюджеттің шығын бөлігін нақтылады.
Білім бөліміне қосымша 42,6 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат мектеп қазандықтарын жөндеуге және қайта қалыпқа келтіруге, интернаттарды жабдықтауға, мектептерді жөндеуге қатысты ЖСҚ дайындауға және осыған дейін құрылған жобаларды мемлекеттік сараптамадан өткізуге, өрт дабыл жүйесін жаңғыртуға және тағы да басқа қажеттіліктерге жұмсалады. Ауданда 10 мектепте күрделі жөндеу өткізу жоспарланып отыр.
- Нақтыланған аудандық бюджеттің құрамы өзгеруінің нәтижесінде келесі параметрлер бар: кірістер – 8,1 млрд теңге, шығындар – 8,2 млрд теңге, бюджет дефициті және бюджет дефицитін қаржыландыру – 277,3 млн теңге, - деп қорытындылады аудан әкімінің орынбасары Айғаным Ақпанова.
Аудандық бюджеттің шығындарының 56%-ы білім саласына тиесілі.