• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ботақарада спорт алаңдары мен стадион жөндеуден өтеді

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде стадион жөнделеді деп жоспарлануда. Спорт алаңдары жетілдіріледі. Жөндеу жұмыстарына қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.
Аудан орталығында сонымен қатар көше бойындағы жарықты қалыпқа келтіруге кірісті. Жалпы есептегенде кенттің инфрақұрылымын жақсарту үшін қосымша 20 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.
Аудандық бюджетті нақтылау кезінде сонымен қатар Шақар ауылында су құбырын өткізуге де қаражат қарастырылды – 15 млн теңге. Дәл осы елді мекенде бюджеттік қаражат есебінен мектеп жөндеуден өткізіліп, ойын алаңдары орнатылады. Аудандық қазынадан сонымен бірге Бұқар жырау және Семізбұға ауылдарында ойын алаңдары жабдықталып, Қарақұдық ауылында шағын футболға арналған алаңқайы бар спорт алаңы жасалады.
Оған қоса, ауылдық әкімдіктерді, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен ветеринария станциясын жөндеуге қаражат бөлініп отыр. Бұл бағыттағы шығындар 15 млн теңгені құрайды. Алты әкімдіктің ғимараты жөнделеді: Қызылқайың, Новоузенка, Самарқанд, Центарльный, Тұзды ауылдық округтерінің және Жаңаталап ауылының.
Ауылдық округтер, ауыл және кенттердің 10 жеке бюджетінде «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға жалпы сомасы 37,7 млн теңге көлемінде ТКШ бөлімі арқылы бағытты трансферттер қарастырылған.