• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні

Жыл сайын көктемде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акция Жер Қамқоры «Тұрақты даму» ұйымының бастамасымен өткізіліп жүр. Барлық орман мекемелерінде, сонымен қатар қала және елді мекендерде ағаш отырғызу акциясы жүргізіліп жатыр.

 

Акцияның мақсаты – орманды қалпына келтіру, сақтау, қалалық жасыл аймақтарды абаттандыру, қоғамды орман байлығына баулау, көбейту және сақтау.

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» ең алғаш 2014 жылы 19 сәуірде ұйымдастырылды. Акцияның қортындысы бойынша 2014 жылы облвс бойынша 22 мыңнан көп екпелер отырғызылды, бұл шарада барлық аймақтар бойынша 206 266 ерікті атсалушылар қатысты.

Жылдан жылға дейін екпелердің саны өсіп келеді. 2015 жылы облыс бойынша 11 мың жапырақты және қылқанды екпелер, 2016 жылы 10 мың жапырақты екпелер түрлері отырғызылды. Өткен жылы облыс бойынша акцияға 482 мың еріктілердің көмегімен 31 мың жапырақты ағаштардың түрлері отырғызылды.

Ағымдағы жылы осы акция 21 сәуірде басталады. Туған жеріміз немқұрайлы болмаса «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акцияға қатысуға шақырамыз.

Екпелерді ЖШС «Озеленитель» тел.87013664288, «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы» КММ тел.44-00-33, ЖШС «Зеленый город» тел.87781220440 сатып алуға болады.

Нақты ақпаратты www.pr-resurs.kz сайтынан алуға болады.