• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жезқазғанда екі үлкен көшенің жолдары жөнделеді

Биылғы жылы облыстық бюджеттің есебінен Жезқазған қаласының екі үлкен көшесі жөнделеді. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жезқазған әкімі Батырлан Ахметов мәлімдеді.

- Биылғы жылы Сәтпаев көшесі мен Бейбітшілік даңғылын жөндейміз. Ол үшін облыстық бюджеттен 700 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар Омаров көшесін жөндеуді жоспарлап отырмыз, ол жұмыстаға жергілікті бюджеттен 73 миллион теңге қарастырылды, - деп мәлімдеді Батырлан Ахметов.

Баяндамашының айтуынша, сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Жезқазғанда 16-шы ықшам аудандағы аула жолдары да жөнделеді. Қаладағы басқа да ұсақ жол жөндеу жұмыстары жалғасады.