• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

2018 жылы облысымыздың медициналық мекемелері жылдам интернетпен қамтамасыз етіледі

Аймақтағы барлық медициналық мекемелер жылдың соңына қарай жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Ол кешендік медициналық ақпараттық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.
Қарағанды облысында пилоттық режимде енгізіліп жатқан кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ)жұмысының аралық қорытындысы туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаш мәлімдеді.
- КМАЖ енгізген сәттен бастап күрделі ақаулар болған емес. Дегенмен кейбір проблемалар болып тұрды. Оның барлығы кей медициналық мекемелерде жақсы жергілікті желі болмауымен және жүйенің жақсы жұмыс істеп тұруына қажетті жылдам интернеттің болмағанына байланысты, - деп мәлімдеді Асқар Хорошаш.
Қазір аймағымыздың барлық медициналық мекемелерінде жоғары жылдамдықтағы интернетті қосуға қатысты жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, кешендік медициналық ақпараттық жүйені (КМАЖ) пилоттық режимде өткен жылдың қараша айынан бастап жүзеге асыра бастаған болатын. Қазір ол аймағымыздың барлық емханаларын байланыстырады. Жүйе емделушілердің дерттер тарихын, берілген ем түрлерін және науқастың зерттеуден өтуін облыстың кез-келген емханасынан оқып, білуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны енгізген сәттен бастап құрастырушылар оның сегіз жаңартылған нұсқаларын ұсынды, олар жұмыстағы техникалық проблемалардың алдын алу және келеңсіздіктерді болдырмау үшін жетілдіріліп жатыр.