• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда онкологиялық дерттерді ерте диагностикалау тиімділігі 70%-ға ұлғайды

Қатерлі ісіктерді диагностикалау тиімділігі 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайды. Ол кешендік медициналық ақпараттық жүйені енгізудің арқасында мүмкін болды.
Кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) белгілі бір науқастың дерт тарихын, сараптама тізімдерін және ем алу нұсқауларын аймағымыздың кез-келген медициналық мекемесінен бақылауға мүмкіндік береді. Онымен қоса жүйеге флюорография, КТ және МРТ түсірілімдері жүктеледі.
- Егер бұрындары емделушінің түсірілімдерін тек олар тіркеуде тұрған емхананың дәрігерлері ғана көре алса, қазір КМАЖ арқасында ол түсірілімдер былайша айтқанда басқа жерде де оқылады. Ол дегеніміз, емхана мамандарынан бөлек ол түсірілімдерді ахуалдық орталық, онкологиялық және туберкулез диспансерлерінің дәрігерлері де оқып, таныса алады. Осылайша, егер дәрігерлер суретте жаңа ісіктің пайда болғанын көрсе, олар бірден емделушіге қосымша сараптамадан өтуге жолдама береді, ол өз кезегінде онкологияны ерте кезеңдерінде анықтауға және тиімді емдеуге мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаш.
Ақпараттық жүйе әр емделуші үшін автоматты түрде флюорографиядан өту кестесін құрады. Бір жылда аймағымызда 700 мыңнан астам түсірілімдер жасалады.