• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы көгілдір отынмен Қарағанды облысының 100-ден астам елді мекенін қамтамасыз етеді

Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен жиналыс барысында «Сарыарқа» магистралдық газ құбырының құрылысы» жобасын құрушылар негізгі техникалық шешімдерді ортаға салды. Бүгін аймақтағы бірқатар мәселелер шешілуде, себебі газ магистралінің жартысынан көбісі біздің облыс арқылы өтеді.
- Қазіргі таңда «Сарыарқа» магистралдық газ құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін техникалық-экономикалық негіздеме құрылды, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жәнеде жобалық-сметалық құжаттамаларды құру аяқталу кезеңінде, - деп мәлімдеді «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары Серікқали Брекешев.
«ҚазТрансГаз» АҚ жобаның тапсырыс берушісі болып табылады, ТЭН құрушылар ретінде «КАТЭК» ЖШС консорциумы таңдалды. Негізгі техникалық шешімдерді жиналыс барысында жобалық ұйымның бас директоры Құндыз Нұпов таныстырды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, магистралдық газ құбырының Астанаға дейінгі ұзындығы 1063 шақырымды құрайды, оның 764-і Қарағанды облысына тиесілі.
- Жер мәселелеріне, инфрақұрылымға қатысты негізгі жұмыс Қарағанды облысымен байланысты болады, - деп атап өтті баяндамашы. – Құрылыс екі қатармен жүргізіледі. Біріншісі Астанаға газ берумен аяқталады, жәнеде ол жұмыстардың ішіне құбырларды төсеу және газбен қамту жүйесін салу кіреді – ол 2018-2019 жылдар. Құрылыстың екінші қатары 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр.
Бірінші кезектің құны 264,4 млрд теңгені құрайды. Газ құбырының бірегейлігі – оның 100 атмосфера қысымға шыдай алатындығында.
- Қарағанды облысының үш қалаларында орналасатын автоматтандырылған газ тарату станциялары бөлінген – Жезқазған, Қарағанды, Теміртауда. Сонымен қатар аудандарға арналған әлеуетті АГТС-ке қажетті 5 бұрмалар болады, оларды дайын болуына қарай іске қосып отырады, - деді Құндыз Нұпов. – Газбен Қарағанды облысының 119 елді мекені қамтылатын болады.
Аймақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерге ие болады, деп атап өтті ол. Есептеулер бойынша, жыл сайынғы инвестициялар 10-15 млрд теңгеге дейін жетеді. Газ құбырын салуда пайдаланылатын құрылыс материалдарын шығаратын қарағандылық кәсіпорындар таңдалып жатыр. Жобаны жүзеге асыру қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді: 2000-ға дейін адам құрылыс кезінде жұмыспен қамтылады, 1000-ға жуық жұмыскер газ құбырының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қажет болады.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов қол астындағы қызметкерлерге жылдам түрде және барынша жауапкершілікпен жобалаушылармен бірлесіп, туындаған мәселелерді шешіп отыруды тапсырды.
- Газ құбырының құрылысы - Елбасының бес әлеуметтік бастамаларының бірі. Бұл - ауқымды жұмыс. Бұл жобаны біздің тұрғындар, кәсіпкерлеріміз тағатсыздана күтті. Газ – ол біздің аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа құрал. Бұл жобаны жүзеге асыру тұрғындардың өмір сапасын жоғарылатуға жол береді, - деп атап айтты Ерлан Қошанов.
Ол сонымен қатар жобаның жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді жіті бақылауға алатынын жеткізді.