• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында ірі қалалардың жеке секторларын газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Қарағанды облысында 2019-шы жылы газбен қамтудың тарату жүйелерінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша жоба 21 млрд теңгені құрайды деп болжануда. Ол жайлы Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Қайрат Бегімов «Сарыарқа» магистралдық газ құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты жиналыс барысында мәлімдеді.
- Бүгінгі таңда «КАТЭК» ЖШС жобалық ұйымына магистралдық газ құбырының өту трассасы бойынша барлық рұқсат құжаттары берілді. Энергия беруші кәсіпорындарға магистралдық газ құбырының жабдықтарын электртарату желісіне қосу бойынша техникалық шарттар берілді, - деп мәлімдеді Қайрат Бегімов.
Аймақта жобаны іске асыруға қатысты басқа да мәселелер шешіліп жатыр.
2020-шы жылға дейін облыста орталық жылыту жүйесі жоқ көшелер мен ықшам аудандарды қосымша қамтитын үш автоматтандырылған газ тарату станцияларынан жеткізуші және орамдық желілердің құрылысы жоспарланып отыр.
- «Қарағанды» АГТС-нан жалпы есептегенде 5,5 мыңнан астам жеке секторлардағы үйлері бар Қарағанды мен Саран қалаларын газбен қамту жоспарланып отыр. Теміртауға келер болсақ, 3 мың жеке сектор үйлері орталықтандырылған газбен қаматамасыз етілетін болады. Жезқазғанда 2,5 мың жеке үйлерді газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр, - деп нақтылады басқарма басшысы.
Есептеулер бойынша, бірінші кезекте көгілдір отынды облысымыздың шамамен 65 мың тұрғыны және 1400 заңды тұлғалары алады. Бір жылдық тұтыну көлемі 85 млн. м3 газды құрайды.
- Бірінші кезеңдегі тарату желілері құрылысының болжамалы құны - 21,4 млрд. теңге. Облыстық бюджетті нақтылауға ЖСҚ дайындауға бюджеттік өтінім берілді, - деді Қайрат Бегімов. – ЖСҚ дайындауға байқау мамырда жарияланады. Шілдеде жобаны құруды бастап, желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Газ тарату желілерінің құрылысы жоспар бойынша 2019-шы жылы басталады.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл жұмыстардың Жол картасын құруды тапсырды.
- Магистралдық газ құбырының құрылысы аяқталғанға дейін газ тарату желілері дайын болуы тиіс, - деп атап айтты аймақ басшысы.