• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық суретшілер дәстүрлі көктемгі көрмеде 80-нен астам жұмыстарын ұсынды

Қарағандылық бейнелеу өнері мұражайында дәстүрлі көктемгі көрме ашылды. Онда өз туындыларын облысымыздың суретшілері ортаға салды.


- Бұл есептік көрме, оны біз жылына екі рет өткізіп отырамыз – көктемде және күзде, - дейді Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Виктория Храпко. – Бұл жолы суретшілер өздерінің жаңа туындыларымен қатар ескі жұмыстарында көпшілік назарына ұсынды. Суреттердің көбісі шынайылық жанрында орындалған. Алайда ол шынайылық әртүрлі көрсетілген: біреулерінде әсемдік тұрғыда болса, басқа біреулерінде өзге суретшілердің шығармашылығына негізделген.
Өнер танушы Наталья Иванина атап айтқандай, қатысушылардың арасында жаңа есімдер өте көп.
- Бұл көрме басқаларынан аса ерекшеленеді. Ол көңілді, көктемгі лепке толы және әртүрлі болып шықты. Бұл жұмыстар көңіл-күйді көтереді. Көрмеге қатысушылар арасында жастар өте көп, жаңа есімдер де жеткілікті. Ерекше атап өткім келетіндері – Бородавиченко мен Әбуова – тамаша жаңа суретшілер, олар жайлы осыған дейін ешқайдан естіп-білген емеспін. Мені сонымен бірге Ләззат Тынбаева қатты қуантты, ол ұзақ уақыт бойы көрінбеген болатын, енді міне өзінің жаңа жұмыстарын ұсынып отыр, - деп бөлісті Наталья Иванина. Ол сонымен қатар суретші Қуат Асқаровтың «Қуыршақ жүргізушісі» мен «Сен кімсің» картиналарын атап өтті,ол туындылардың мазмұнының көпқырлылығын ерекше атап айтты.
Облыстық суретшілер Одағы ұйымдастырған көктемгі көрмеде 80-нен астам жәдігер ұсынылды. Экспозицияны 22-ші сәуірге дейін тамашалауға болады.