• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жылыту маусымы Қарағанды облысының төрт елді мекенінде аяқталды

Аймағымыздың төрт елді мекенінде жылыту маусымы аяқталды. Ол жайлы аппараттық жиналыс барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа мәлімдеді.
Орталық жылыту жүйесі Ақтоғай ауданында, Балқаш, Приозерск және Қаражал қалаларында өшірілді.
- Қазір ауа райы бір қалыпқа келді, күн жыли бастады. Басқа қалаларда 20-шы сәуірге қарай аяқтаймыз деп ойлаймын, жылыту маусымының аяқталуын созудың қажеті жоқ деп есептейміз. Қазір көптеген үйлер жылу есептеуіш құрылғыларымен қамтылған, жәнеде жылыту маусымының артық әр күнін төлеу керек болады. Сондықтан азаматтардың наразылығын тудырмас үшін маусымды созбай, уақытында аяқтау керек, - деді Шкарупа.
Ол сонымен қатар келесі жылға жылу желілерін жөндеу бойынша мәліметтерді келтірді: жоспар бойынша жасалатын жұмыстар көлемі 5 351 шақырымды құрайды. Ол үшін 24,2 миллиард теңге бөлінді. Жөндеу кампаниясының жалпы құны 56 миллиард теңгеге тең.
Жылыту маусымын аяқтау және келесі жылға дайындық жоспарлары бойынша қорытынды жиналыс сәуірдің соңында өтеді. Оған қалалар мен аудандар әкімдері қатысады.