• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда қаза болған арнайы жасақ сарбазы туралы фильм түсірілді

Қарағандыда полиция қызметкерлері шынайы оқиға желісімен «Операция «Сирена» атты фильм түсірді. Оны 17 жыл бұрын ерекше қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза болған әріптестері, арнайы жасақ сарбазы Александр Истоминге арнады.
Қойылым «Арлан» арнайы жасақ бөлімшесінің құрылғанына 20 жыл толу күніне орайластырылды. Фильм сценаристері әріптестердің еске алған әңгімелері мен мұрағат құжаттарын пайдаланған.
Александр Истомин полиция қатарына 25 жасында тұрған, оған дейін әскери борышын орындап, шахтада қызмет еткен. Алдымен Абай ҚІІБ-де сарапшы-криминалист болған. Бес жыл өткен соң полиция сержантын Қарағанды облысының ҚІІБ жедел әрекет ету ротасына алған.
2000-шы жылдың 26-шы қазанында арнайы жасақшы «Валют-Транзит банкке» шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтау операциясына қатысқан. Александр Истомин снайперлік бақылауда болған, жәнеде қылмыскерлерді ұстау кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Батыр полицейдің есімін бірнеше жыл бұрын Абай қаласында мәңгілікке қалдырған. Александр Истомин тұрған Карл Маркс көшесінің бойындағы үйге ескерткіш тақтайша орнатылды.
Қарағанды облысының ІІД баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша