• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы олардың жұмыс тиімділігіне тәуелді болады

Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары тікелей олардың жұмыс тиімділіге байланысты болады. Қарағанды облысында пилоттық режимде айлықты есептеуде факторлық-ұпайлық жүйе енгізіледі.
2018-ші жылдан бастап жаңа жүйе бойынша жалақысын Астана, Маңғыстау облысындағы жергілікті атқару органдарының және Әділет министрлігінің, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік пен оның барлық аймақтық құрылымдарының қызметкерлері алып келеді.
Бұл жүйе қазірдің өзінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі департаментте енгізілген. Осының арқасында жалақы көлемі өскен.
- Мысалы қазір біздің аймақта мемлекеттік қызметкердің минималды айлық ақысы 62 мың теңгені құрайды,ал жаңа жүйе бойынша 117 мың теңге болады. Соның арқасында мемлекеттік қызметке орналасқысы келетіндер саны артты. Мысалы, өткен жылы біз 4 байқау өткіздік, оларға 40-тан астам адам қатысты. Биылғы жылы біздің департаментте жаңа жүйе енгізілген соң бір байқау өткіздік, жәнеде оған 60-тан астам үміткерлер болды. Айта кету керек, олардың арасында ЖОО жаңа бітірген жас мамандар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі бар мамандар, сонда-ақ мемлекеттік сыңайлы сектор өкілдері де болды, - деп мәлімдеді Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі департамент жетекшісі Жандос Сәрсенов.
Жаңа жүйе бойынша шенеуніктердің жалақысы тиянақталған тұрақты бөлімнен және бонустық қосымшалардан құралатын болады. Осыған дейін мемлекеттік қызметкерлер тек тұрақты айлық ақы алатын. Тиянақталған бөлігі жұмыс өтіліне, атқарылатын міндеттердің күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты болады. Бонустық бөлік шенеуніктің өткен жылдағы жұмыс тиімділігін бағалау нәтижесіне қарай тағайындалып, төленеді.
Егер жалақы төлеудің факторлық-ұпайлық жүйесі сынақтан сәтті өтетін болса, 2020-шы жылы оны еліміздің барлық мемлекеттік мекемелерінде енгізеді.